Аврора (крейсер)
"Аврора" - Ресейдегі Қазан төңкерісіне белсене қатысқан Балтық флотының крейсері.
- 1903 ж. пайдалануға берілді
- суға сыйымдылығы 6731 т
- жылдамдығы 20 узел
- қаруы 8-152 мм, 24-75 мм, 8-37 мм зеңбіректер
- экипажы 578 адам
1904-05 жылдардағы орыс-жапон соғысы кезінде Цусима арпалысына қатысты.
1916 ж. Петроградтағы француз-орыс заутына күрделі жөндеуге қойылды.
1917 ж. 28 каңтарда (18 наурыз) "Аврора" крейсерінің матростары завод жұмысшыларымен көтеріліске шықты, кемелік комитет сайлады. Қазан күндері революция қарсаңында Уақытша үкімет "Аврора" крейсерін Петроградтан шығарып әкетуге тырысты, бірақ кемелік комитет 22 қазанда (4 қараша) үкіметтің жарлығын орындамау жөніде шешім қабылдады. Бұл кезде "Аврора" крейсерінің большевик партия ұйымында 42 адам болды.
25 қазанға (7 қараша) қараған түнгі 3 сағат 30 минутте Петроград соғыс ревкомының бұйрығы бойынша "Аврора" крейсері Николаев көпіріне (қазір лейтенант Шмидт атында) келіп, Васильев аралығында Қызыл гвардия отрядтарына қала орталығына өтуіге көмектесті. Сол күні 21 сағ. 45 мин. "Аврора" крейсері Петропавл қамалынан зеңбіректен от атып, Қысқы сарайға шабуыл жасауға сигнал берді.
1927 ж. 2 қарашада "Аврора" крейсері Қызыл Ту орденімен марапатталды.
1941-45 ж. Ұлы Отан соғысы кезінде крейсер Ораниенбаумда (қазір Ломоносов қаласы) сақталды. Крейсер экипажы Ленинград қорғанысына қатысты.
1948 ж. 17 қарашада "Аврора" крейсері Ұлы Октябрь социалисттік революция ескерткіші ретінде Неваның Петроград жағалауына қойылды.
1957 ж. "Аврора" крейсерінде Орталық соғыс-теңіз музейінің бөлімшесі ашылды.
1968 ж. 22 қаңтарда "Аврора" крейсері Октябрь Революциясы орденімен марапатталды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998