Базель (футбол клубы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Швейцария Базель футбол клубы
Құрылған жылы

1893 жыл

Стадионы

Санкт-Якоб Парк

Сыйымдылығы

38512

Президенті

Бернар Хесслер (Швейцария)

Бас жаттықтырушы

Швейцария Патрик Рамен

Капитаны

Чехия Вадентин Штокер

Жарыс

Швейцария суперлигасы

2022/23

5.

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Футболдан Швейцария чемпионаты 2021/22

«Базель»Швейцариялық футбол клуб. Еуропадағы ең көнекөз командаларды бірі, 1893 жылы құрылған[1]. Үйдегі ойындарын "Санкт-Якоб Парк" стадионында өткізеді. Швейцарияның ең табысты клубы.

Базель футбол клубы үй ойындарын 37 500 орындық «Санкт-Якоб Парк» стадионында өткізеді[2].

УЕФА стадионға сыйымдылығына қарай ең жоғары баға - 4 жұлдыздық рейтинг берген. «Санкт-Якоб Парк» стадионы 2001 жылы ашылғанда 33 433 көрермен қабылдай алатын, ал 2008 жылы Швейцария Еуро-2008 турнирін бірлесіп өткізгендіктен, жаңа (G секторы) трибуна қосылып, сыйымдылығы 42 500 орынға дейін ұлғайтылған болатын. Еуро-2008-ден кейін бірнеше орындық алынып тасталып, орындар арасындағы кеңістік артты, бұл стадионның сыйымдылығын 37 500 орынға дейін қысқартты. Жанкүйерлер бұл стадионды «Йоггели» деп атайды. Мұнда екі мейрамхана, сондай-ақ 2001 жылдың 1 қарашасында ашылған сауда орталығы бар. Сондай-ақ, стадион 680 автокөлікке арналған тұрақ орны мен жеке теміржол станциясына ие. «Санкт-Якоб Парк» Еуро-2008 кезінде алты ойын, оның ішінде Швейцария мен Чехия арасындағы ашылу ойыны және Германия мен Түркия арасындағы жартылай финал ойынын қабылдады. Стадионның ең қызықты ерекшелігі – оның сыртқы мөлдір қабаты, түрлі-түсті жарықтармен жарқырап, әсерлі көрініс береді; бұл эффект үш жылдан кейін «Баварияның» жаңа стадионы - «Альянц Аренада» да пайдаланылды.

«Санкт-Якоб Парк» салынғанға дейін, «Базель» өз ойындарын Ландхоф стадионында (Кляйнбазель ауданында) , кейін 1954 жылғы әлем біріншілігінен соң осы күнгі стадион орналасқан жерде салынған «Санкт-Якоб» стадионында өткізген. «Санкт-Якоб Парк» құрылысы кезінде клубтың үй ойындары «Шютценматте» стадионында өткізілді.

2016 жылы УЕФА Еуропа Лигасының финалы «Санкт-Якоб Парк» стадионында өтті[3].

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Швейцарияның 20 дүркін чемпионы: 1952/53, 1966/67, 1968/69, 1969/70, 1971/72, 1972/73,1976/77,1979/80, 2001/02, 2003/04, 2004/05, 2007/08, 2009/10, 2010/11, 2011/12, 2012/13, 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2016/17
  • Швейцария кубогының 13 дүркін иегері: 1933, 1947, 1963, 1967, 1975, 2002, 2003, 2007, 2008, 2010, 2012, 2017, 2019
  • Швейцария Лига кубогының иегері: 1972

Халықаралық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 1974/75 жылғы УЕФА Чемпиондар кубогының 1/4 финалисі
  • Интертото кубогының финлаисі
  • УЕФА Еуропа лигасының жартылай финалисі: 2012/13

Атақты ойыншылары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]