Кри (халық)
Кри | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
220 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Канада |
200 000 |
АҚШ |
2 500 |
Тілдері | |
Діні | |
Кри — Канада мен АҚШ-тағы Алгонкин тобындағы үндіс халқы. Олар резервацияларда тұрады: Канадада - Джеймс шығанағы мен Гудзон шығанағының батысы мен шығысында. Канададағы халық саны 200 мыңнан асады. (ең үлкен аборигендер; 2006, санақ), АҚШ-та 2,5 мың адам (2000, санақ).[1]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар кри тілінің диалектілерінде сөйлейді. Ағылшын тілі де кеңінен таралған.[2]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кри – католиктер мен протестанттар (англикандар және т.б.).[3]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұрын Кри топ болып тұрып, жылына бірнеше рет лагерьлерін ауыстырып, жануарлардың табындарын немесе жаңғақтарға, жидектерге және жеуге жарамды өсімдіктерге бай аумақтарды іздеп өмір сүрді. Төрттен үш бөлігі орманда, төрттен бірі жазықта өмір сүрді. 1800 жылдары Крилер Канаданың көп бөлігін бақылауда ұстады. Еуропалықтар келгенде, Кри француздар мен ағылшындармен аң терісін саудалай бастады. Бірақ ақ қоныстанушылар көп ұзамай жерлерін алып, оларды одан әрі құнды емес аймақтарға шегінуге мәжбүр етті. Уақыт өте келе, колонистердің Кри өміріне әсері қайғылы түрде қайтымсыз болды және жергілікті халық өздерінің жартылай көшпелі өмір салтынан бас тартып, резерват жерлерге қоныстануға мәжбүр болды.[4]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі дәстүрлі қызмет түрлері - аңшылық және балық аулау. 20 ғасырдың ортасына қарай аңшылықтың рөлі төмендеді. Қалаларға көшу және жалдамалы жұмыс кең таралған. Аң аулау белгілі бір маңыздылығын сақтайды. Аңшылық маусымында олар туысқан отбасылар топтарына бөлінді (10-30 адам).[5]
Тұрмыс салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жазда олар көлдер мен өзендердің жанында жиналып, көсемдер басқаратын қауымдарға (бірнеше жүз адам) біріктірілді. Отбасы шағын, неке билокальды немесе неолокальды. Полигиния (орман Кри көсемдерінде жеті әйелге дейін болған), әмеңгерлік, сорорат, немере некелері болды.
Кри әйелдері әдетте шешілетін жеңдері бар ұзын көйлектер киді, ал Кри еркектері әдетте леггинстер мен жамылғы маталар киді, ол жыныс мүшелерін жабу үшін пайдаланылды, ал қолайсыз ауа-райында олар жылы және құрғақ болуы үшін пончолар мен плащтарды киетін. Кри әйелдері де, ерлер де аяқтарына мокасин киетін. Дәстүр бойынша, крилер былғарыдан немесе жүннен жасалған қалпақ киген, әдетте қауырсындармен безендірілген. Ұзын қауырсын бас киімдер 1800 жылдары кри арасында танымал болды. Еуропалықтар келген кезде, кейбір крилер кесте, лента аппликациялары және бисер бөлшектерін қосу арқылы еуропалық курткалар мен блузкаларға бейімдей бастады. Қазіргі крилер кейде ата-бабаларының дәстүрлі көйлектері мен мокасиндерін киеді, бірақ олар сонымен қатар джинсы сияқты заманауи киімдерді киеді.
Ерте кезеңде кри үндістері аң аулауға және бұлан, құндыз, карибу және аю сияқты жануарлардың етін жеуге сүйенді. Орман крилері жабайы жануарларды аулады, бірақ олардың тапшылығына байланысты олар негізінен қояндарды аулауға сүйенді, құстардың әртүрлі түрлерін іздеді. Кейіннен - асқабақ және жүгері сияқты дақылдарды қарқынды өсіруді қамтитын шаруашылықтар пайда болды. Көлдердегі жабайы күріш олардың негізгі тағамының біріне айналды. Крилер жылқыларға ие болған кезде, көпшілігі ашық жазықтарға бизон аулауға барды.[6]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2110889?ysclid=lqigdqwicw632595686
- ↑ http://knowledge.su/k/kri-indeytsy?ysclid=lqigjc2w4o430308610
- ↑ https://slovar.cc/enc/slovarik/1825154.html
- ↑ https://stranatur.ru/who-are-the-cree-people-of-north-america.html
- ↑ https://travel-journal.ru/ethno/38/816/(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ https://ru.411answers.com/a/chto-nosili-kri.html?ysclid=lqj5uil348752561726