20th Century Studios
20th Century Studios | |
Түрі |
корпорация |
---|---|
Қызметі |
телефильмдер өндіру |
Құрылды | |
Құрушы |
Деррил Занук |
Орналасуы | |
Саласы |
Киноөндіріс |
Қызметкерлер саны |
2300 (2019) |
Басшы компания | |
Еншілес компания |
Blue Sky Studios |
Сайты |
20th Century Studios (Жиырмасыншы ғасыр Студиос кинобірлестігі) — америкалық алты ірі киностудияның бірі. The Walt Disney Company компаниясына бағынады. Телефильмдерді өндірумен айналысады.
Компания 1935 жылы 31 мамырда: 1915 жылы Уильям Фокс құрған Fox Film Corporation және 1933 жылы Деррил Ф. Занук, Джозеф Шенк, Реймонд Гиффит, Уильям Гетц құрған Twentieth Century Pictures киностудияларының бірігуінен пайда болды.
Компанияның түсірілім алаңы Лос Анжелестің Century City кварталында, Беверли Хилздың батысында орналасқан. Қазіргі уақытта кварталда офистермен тұрғын үйлер көп салынған. Компанияның штаб-пәтері Fox Plaza ғимаратының 35-қабатында орналасқан.
Twentieth Century Fox-тың ең атақты медиафраншизаларына «Жұлдызды соғыстар» (Дисней компаниясына өтпей тұрып), «Аватар», «Икс адамдар», «Мұз дәуірі», «Рио», «Крепкий орешек», «Хищник», «Бөтен», «Планета обезьян», «Үйде жалғыз қалғанда», «Бэтмен», «МЭШ», «Секретные материалы», «Копы» (Cops), «Футурама», «Симпсоны», «Гриффины», «Американский папаша!», «24» фильмдері мен сериалдары жатады. Осы ��иностудиядан шыққан ең атақты актрисалардың қатарында — 20th Century Fox студиясының алғашқы жұлдызы Ширли Темпл, Бетти Грейбл, Джин Тирни, Мэрилин Монро және Джейн Мэнсфилд бар. Студия афроамерикалық киножұлдыз Дороти Дэндриджбен де келісімшартқа отырған. 20th Century Fox Америкалық кинокомпаниялар қауымдастығының мүшесі болып табылады.[1][2][3][4][5]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ The Walt Disney Company (December 14, 2017). The Walt Disney Company To Acquire Twenty-First Century Fox, Inc., After Spinoff Of Certain Businesses, For $52.4 Billion In Stock. Пресс-релиз.
- ↑ Comcast plans to outbid Disney for Fox studios and other assets -- what it means for you, USA Today (May 23, 2018).
- ↑ Comcast bids $65 billion for 21st Century Fox assets, topping Disney, CNBC (June 13, 2018).
- ↑ The Walt Disney Company Signs Amended Acquisition Agreement To Acquire Twenty-First Century Fox, Inc., For $71.3 Billion in Cash And Stock, The Walt Disney Company (June 20, 2018).
- ↑ Gartenberg, Chaim Comcast gives up on buying 21st Century Fox assets and leaves Disney as the winner (July 19, 2018).
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Компания парақшасы Internet Movie Database веб сайтында (ағыл.)