ThyssenKrupp

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
ThyssenKrupp AG
Түрі

Көпшілік компания

Биржадағы листингі

FWB: TKAG, LSE: THK

Құрылды

1999

Орналасуы

Германия Дуйсбург және Эссен (штаб-пәтері Эссен қаласында орналасқан)

Басты адамдары

Хайнрих Хисингер (директорлар кеңесінің басшысы)

Саласы

Конгломерат

Өнімі

Болат, тот баспайтын болаттан жаслаған бұйымдар, автоматтандырылған технологиялар, жеделсатылар, кеме құрылысы, қызметтер көрсету аясы

Айналым

€ 41,536 млрд. (FY 2012/2013 қаржы жылы)

Таза табыс

€ 1,03 млрд (2013)

Қызметкерлер саны

156 856 (2013 жыл)

Сайты

www.thyssenkrupp.com

ТиссенКрупп АГ (нем. ThyssenKrupp AG, FWB: TKAG) — Германиядағы ең ірі өнеркәсіптік концерндерінің бірі, өз жұмысын ресми түрде 1999 жылдың 17 наурызында бастады. Концерн Thyssen AG және Friedrich Krupp AG Hoesch-Krupp екі фирманың бірігуі нәтижесінде пайда болды. ТиссенКрупп АГ жоғары қосындыланған болатты және металл өңдеу білдектерін шығаратын әлемдегі ең ірі өндіруші. Концерн жапырақты тот баспайтын болатты, жеделсатыларды және эсколаторларды өндіруден әлемдегі жетекші орындарға ие.

ТиссенКрупп концерні келесі салалық буындарға бөлінген: болат, тот баспайтын болат, жеделсатылар және эсколаторлар, автокөліктік компоненттер, технологиялар, материалдар, қызмет көрсету саласы.

ТиссенКрупп концерні 160-тан астам әлем елдерінде тапсырыскерлерімен жұмыс істейді, сонымен қатар 80-нен астам әлем елдерінде концерннің еншілес кәсіпорындары немесе өкілдіктері орналасқан. ТиссенКрупп концерннің қызметкерлер саны 160 000 (2013/14) адаман асты және тауар айналымы €49 миллиардқа дейін жетеді.

Еншілес компаниялар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • ThyssenKrupp Airport Systems — жолаушы телебасқыштарды өңдіруден 30 жылдан астам тәжірибесі бар фирма.
  • ThyssenKrupp Automotive.
  • Berco — жыланбауыр техникасына арналған қозғаушы бөліктерін шығаратын ірі өндіруші. 1999 жылдан бастап ThyssenKrupp концерннің құрамында.
  • ThyssenKrupp Bilstein —көптеген ірі автокомпанияларда қолданылатын амортизаторлар мен тұрақтандырғыштар өндірушісі. Фирма Август Бильштайнмен (AUBI атауымен, August Bilstein-не қысқ.) 1873 жылы қаланды, автокомпоненттер өндіруді 1927 жылы бастады, концерн құрамында 1999 жылдан.
  • Blohm + Voss — кеме жасайтын фирма.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]