Xcode

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Xcode — OS X және iOS операциялық жүйелері негізінде жұмыс жасайтын, Apple корпорациясы құрастырған интеграцияланған программалау ортасы. Алғаш нұсқасы 2001 жылы жарыққа шықты.

Xcode Apple документациясы мен графикалық интерфейстер құрастыруға арналған Interface Builder қосымшасының көптеген мүмкіндіктерінен құралған құрал болып табылады. Xcode жиынты5ы GNU Compiler Collection компилятор жиынтығының өзгертілген нұсқасынан тұрады. Сонымен қатар, ол C, C++, Objective-C, Objective-C++, Java, AppleScript, Python және Ruby сияқты программалау тілдерінде жұмыс жасайды.